АҚШ-та жүк көлігі жаяу жүргіншілерді таптап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорния штатының Сан-Франциско қаласында болған жол апаты салдарынан жеті адам зардап шекті, деп мәлімдеді қаланың өрт қызметі Twitter парақшасында.

АҚШ-та жүк көлігі жаяу жүргіншілерді таптап кетті

Жүк көлігі алдымен жеңіл автомобильді соғып, артынша жол жағасындағы екі адамды басып кеткен. Бұдан тыс көлікте отырған бір отбасының бес мүшесі де зардап шекті.

Сан-Франциско полициясының өкілі Грейс Гаптенданның айтуынша, алдын ала мәліметтерге орай фургонның жүргізушісі спиртті ішімдік немесе есірткі әсерінде болмаған. Полиция бұл оқиғаның лаңкестікке қатысы жоқ екенін айтып жатыр.