АҚШ-та жұмыссыздық соңғы 25 жылдағы рекордтық көрсеткішке жетіп отыр
ВАШИНГТОН. Сәуірдің 4-і. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Барак Обама АҚШ-тағы жұмыссыздық деңгейіне қатысты соңғы мәліметтерді әлемдік экономикалық дағдарыс туғызып отырған жаһандық ығыттар туралы «нақты ескерту» деп атады.
ҚазАқпарат бұл туралы Associated Press агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Ақ үй басшысы бұл мәлімдемесін Баден-Баденде Германия канцлері Ангела Меркельмен болған кездесу кезінде жасады. Айтылған мәліметтерге қарағанда, 2009 жылдың наурыз айында АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі 8,5 пайызға өскен, бұл 1983 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.