АҚШ-та жүргіншілер көпірі құлап, адамдарды басып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тағы Флорида штатында жаяу жүргіншілер көпірі опырыла құлаған. Оқыс оқиға салдарынан бірнеше адамның мерт болғаны және жарақат алғандары белгілі болып отыр, деп хабарлайды CNN телеарнасы жергілікті полицияға сілтеме жасап. 

АҚШ-та жүргіншілер көпірі құлап, адамдарды басып қалды

Құрылыс жұмысының 2019 жылдың басында бітуі жоспарланған.

Бұл жаңа көпір Майамидің оңтүстік-батысындағы Халықаралық университет кампусының жанында орналасқан. БАҚ деректері бойынша, жолға құлаған салмағы 950 тонналық көпір құрылымы бірнеше автомобильді басып қалған. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Апат себебі әзірге белгісіз.