14:52, 29 Қазан 2024 | GMT +5
АҚШ-тағы букмекерлік кеңселер Трамптың коэффицентін көтерді
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тағы президенттік сайлау нәтижесіне букмекерлік кеңселер бәс тігіп жатыр. Букмекерлік кеңселердің коэффиценттері Дональд Трампқа жоғары қойылған, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
Белгілі болғандай төрт жұмбақ аккаунт Трамптың қараша айында өтетін президенттік сайлауда жеңіске жететініне 30 млн доллар тіккен.
«Кейбір интернет пайдаланушылары егер Трамп жеңілсе, ол Polymarket коэффициенттерін көрсетіп, сайлау «бұрмаланған» деп айта алатынын ескертті», - деп жазды британдық Independent газеті.
АҚШ-тың RealClear Polling сайтының мәліметіне сәйкес, Дональд Трамптың 2024 жылғы президенттік сайлауда жеңіске жету мүмкіндігі 61,1%, ал Камала Харристің жеңіске жету мүмкіндігі 37,5% деп бағаланып отыр.