АҚШ-тағы сайлау: Дональд Трамп дауыс берді
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президентіне кандидат Дональд Трамп Палм-Бич участігінде дауыс берді, деп хабарлайды BBC.
Дауыс беру сәтінде ол өзіне сенімді екенін айтты.
Айта кетсек, АҚШ-та президент сайлауы басталды.
Дауыс беру бюллетеньдері ағымдағы жылдың 16 қазанынан бастап 22 қазанға дейін пошта арқылы жіберілді және 5 қарашада сағат 20.00-ден кешіктірілмей жарамды пошта штемпелі жапсырылып пошта арқылы қайтарылуы немесе сайлау күні дауыс беру жәшігіне тасталуы тиіс.
Елде дауыс беру барысын жүздеген халықаралық бақылаушы қадағалап отыр.
Тұрғындар арасында жүргізілген сауалнаманың соңғы мәліметінше, АҚШ вице-президенті демократ Камала Харрис сайлау қарсаңында әлеуетті сайлаушылар арасында танымалдығы бойынша бұрынғы республикашыл президент Дональд Трамптан төрт пайыздық тармаққа озып кетті.
NPR, PBS News және Marist сollege жүргізген сауалнамаға сәйкес, Харристі респонденттердің 51%-ы, ал Трампты 47%-ы қолдады. Тағы 2 пайызы басқа кандидаттарға дауыс берді.
АҚШ-тағы президент сайлауы Қазақстанға қалай әсер ететіні жайлы материалмен мына сілтеме арқылы танысуға болады.