АҚШ-тағы аптап ыстық Автралиядағы азық-түлік бағасын қымбаттатып жіберді

АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - АҚШ-тағы аптап ыстық Автралиядағы азық-түлік бағасын қымбаттатып жіберді, деп хабарлайды caspionet.kz.

АҚШ-тағы аптап ыстық Автралиядағы азық-түлік бағасын қымбаттатып жіберді

Жүгерінің бір бушелі 7,1 долларға бағаланды. Бір бушель 27,3 келіге тең. Бұл 9 айдағы ең жоғарғы көрсеткішке тең. Бұған АҚШ-тағы өндіріс ауқымының төмендеуі әсер етті, айта кететін жайт, Америка жүгеріні ең көп өндіріп отырған мемлекет болып табылады.

Австралиялық тұтынушылар алдағы уақытта нан, картоп чипстары мен басқа да өнімдердің қымбаттауына куә болады. Себебі, АҚШ-тың Орталық Батысындағы аптап ыстық әлемдік азық-түлік бағасына әсер етті. Маусымның 15-інен бастап жүгерінің құны 41 пайызға қымбаттап кетті. Астық пен сояның да бағасы біраз өсетін болады. Себебі, Орталық Батыста оның дені өсіріліп келеді. Ақпаратты Қазақ-Астық порталы таратып отыр. АҚШ-тағы өнімнің төмендеуі австралиялық астық бағасына әсер етті. Қазір ол тек қана өсіп келеді. Осыған орай, жергілікті шаруа қожалықтары бірталай кіріске қол жеткізулері мүмкін. Алайда, малды астықпен қоректендіріп отырған шаруалар біраз қиындыққа тап болады.

BNews.kz