АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партия басымдыққа ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Республикалық партия АҚШ Конгресінің төменгі палатасын бақылау үшін қажетті 218 орынды иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
None

Аралық сайлауда республикашылдар басым түсті. Бұл оларға Джо Байден әкімшілігінің келесі екі жылға арналған күн тәртібін жүзеге асыруды тоқтатуға мүмкіндік береді. Бұл АҚШ-тағы билік қайтадан бөлінетінін білдіреді, өйткені жоғарғы палатаны - Сенатты бақылау құзіреті демократтарда қалады. АҚШ-тағы BBC серіктесі CBS News телеарнасының есептеулері көрсеткендей, Республикалық партия 435 мандаттан тұратын Өкілдер палатасында 218-ден 223-ке дейін мандат алады. Өкілдер палатасының республикашылдардың бақылауына оралуы Дональд Трамптың 2024 жылғы сайлауда президенттікке түсу туралы шешімін жариялауымен байланысты болды.

Конгресстің жаңа құрамының бірінші отырысы 2023 жылдың 3 қаңтарында өтеді. Өкілдер палатасында көпшілік дауысқа ие болған республикашылар негізгі комитеттерді басқара алады, бұл оларға қажетті заң жобаларына бастамашыл болуға және Байденнің өзі, оның отбасы мүшелері мен әкімшілігі қызметкерлерінің қызметі туралы бұрыннан жоспарлаған тергеулерді ашуға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік АҚШ-та 8 қарашада Америка Құрама Штаттарында аралық сайлау өткен еді.

Бұған дейін демократиялық партия Сенаттағы бақылау басымдығын сақтап қалғаны хабарланған болатын.


Фото: gettyimages.com

Соңғы жаңалықтар