АҚШ-тағы ең кішкентай қала 900 мың долларға сатылды

АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Американдық Вайоминг штатындағы Буфорд қаласы одан бірден бір жалғыз тұрақты тұрғыны кетуге шешім қабылдағаннан кейін сатуға қойылып, өткен бейсенбі күні 900 мың долларға сатылды, деп хабарлады Ассошиэйтед Пресс.
None
None

Агенттік мәліметтерінше, қаланы Вьетнамның екі азаматы сатып алған.

Төрт гектар аумақты алып жатқан және американдық ең халқы аз қала санатына жатқызылған қалашықтың бастапқы бағасы 100 мың доллар болған. Сатуға қаланың жалғыз тұрғыны әрі мэрі Дон Саммонстың үй-жайы сатуға қойылған. Олардың ішінде кезінде атақты қылмыскер Бутч Кэссиди тонаған дүкен, 1905 жылы салынған әкімшілік ғимараты, үш жатын бөлмесі мен шағын шеберханасы бар тұрғын үй бар.

Буфордта әр түрлі кезеңде көптеген тарих тұлғалар, соның ішінде АҚШ-тың 18-ші президенті Улисс Грант болған.

Қала теңіз деңгейінен 2,5 мың шақырым биіктікте, Нью-Йорк пен Калифорнияны жалғастыратын күрежолдың бойында орналасқан. Оның негізін 1886 жылы азамат соғысына қатысушы және Геттисберг жанындағы ұрыстардың батыры генерал Джон Буфорд қалаған. Әуелде мұнда теміржол салып жатқан жұмысшыларды күзеткен сарбаздар үшін форт орналасқан.

1970 жылға дейін қала теміржол компаниясының иелігінде болды, халқының саны 2 мың адамға жетті, олардың көпшілігі теміржолда жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар