АҚШ-тағы қаланың тұрғындарына жабайы құстар күн көрсетпей жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Нью-Джерси штатындағы Тинек қаласының әкімшілігі жабайы күркетауықтармен гуманистік әдіспен күреспек - олар құстарды үркіту үшін қатты дыбыс шығаратын 20 пневмо клаксон сатып алуды көздеп отыр, деп жазады Yahoo! News басылымы.

АҚШ-тағы қаланың тұрғындарына жабайы құстар күн көрсетпей жатыр

Хайуанаттарды бақылау жөніндегі маман Винсент Асколезе клаксондарды тұрғындарға тарату үшін қала шенеуніктеріне тапсыратынын мәлімдеді.

«Біз хайуанаттармен бейбіт әрі бірге өмір сүрудің амалын таба білуіміз керек», - деді ол.

Өз кезегінде, штаттағы жабайы табиғатты қорғау басқармасының өкілі Эми Швайцер сейсенбі күні адамдарға шабуылдаған шақар қораздың ұсталып торға қамалғанын, ал онсыз басқа жабайы құстар жұрттың мазасын алмайтынын баяндады.

Қаладағы билік өкілдерінің айтуынша, тұрғындардан жабайы күркетауық шабуылдады деген он шақты шағым түскен. Бір тұрғын тіптен полицияға арызданған. Құстар адамдарға ұмтылып мазасын алған және жолға шығып көлік қозғалысына кедергі жасап отыр. Бір жолы күркетауық ашық терезеден ұшып үйге кіріп, ондағларды әбігерге салған.

Қала әкімшілігі проблеманы шешу тек штат билігінің құзыретінде екендігін, құстарды атып-жоюға болмайтындығын ескертуде. Олар «тұрғындар тек құстарды гуманистік әдістермен, су шлангларын қолданып немесе заттарды даңғырлатып қана үркіте» алады деп мәлімдеді.

Еске сала кетейік, ақпан айында көршілес Хиллсдейл қаласының пошта қызметкеріне құқық қорғаушылардың көмекке жүгінуіне тура келді. Өйткені оның көлігін жабайы күркетауықтар қоршап алып, айбат шеккен.