АҚШ-тағы қордың ұлғаюына байланысты әлемдік мұнай бағасы арзандап келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауда-саттық деректері бойынша, АҚШ-та «қара алтын» мен мұнай өнімдері қорының ұлғаюы мұнайдың әлемдік бағасына теріс ықпал етуде.
8 шілде Мәскеу уақыты бойынша сағат 18.22-дегі жағдай бойынша солтүстік-теңіздік Brent қоспасына тамыздағы фьючерстің құны барреліне 56,84 долларға дейін - 0,03 пайызға төмендеді. WTI-ға тамыздағы фьючерстің бағасы барреліне 51,72 долларға дейін - 1,17 пайызға түсті, деп хабарлады РИА Новости.
Бұдан бұрын АҚШ Энергия министрлігі энергетикалық ақпарат басқармасы (EIA) 3 шілдеде аяқталған апта бойынша елдегі мұнай қоры туралы деректерді жариялаған. АҚШ-тағы мұнайдың коммерциялық қоры (стратегиялық резервті қоспағанда) 3 шілдеде аяқталған аптада 0,4 миллион баррельге немесе 0,1 пайызға - 165,8 баррельге дейін ұлғайған.