АҚШ-тағы қорлар мәліметтеріне орай мұнай бағасы белсенді өсуде

Мәскеу уақытымен сағат 19:33-тегі жағдай бойынша, солтүстіктеңіздік Brent маркалы мұнай қоспасына тамыз айындағы фьючерстердің құны 1,89%-ға - барреліне 52,41 долларға дейін өсті. WTI маркалы мұнайдың шілде айына фьючерстерінің бағасы 1,61%-ға - барреліне 51,17 долларға көтерілді, деп жазады РИА Новости.
АҚШ-та мұнайдың коммерциялық бағасы (стратегиялық резервтерді алып тастағанда) 3 маусымда аяқталған апта ішінде 3,2 миллион баррельге төмендеді, немесе 0,6%-ға - 532,5 миллион баррельге азайды. Талдамашылар апта ішінде қорлар 2,74 миллион баррельге - 532,96 миллион баррельге дейін азаяды дегеп пайымдаған болатын.
Елдегі ірі Кушинг терминалында мұнай қоры 1,3 миллион баррельге дейін азайды. Ал бензин қорлары АҚШ-та 1 миллион баррельге дейін ұлғайды.
«Бензин қорының өсуі тосын жағдай болды, өйткені оны тұтыну маусымы басталған болатын», - деп түсіндірме жасады Рейтер агенттігіне Нью-Йорктегі Tyche Capital Advisors басқарушы әріптесі Тарихк Захир.