16:54, 06 Шілде 2016 | GMT +5
АҚШ-тағы Mega Millions лотерея джекпоты 508 миллион долларға дейін көбейді
АСТАНА.ҚазАқпарат - Жеңімпаздың болмауынан АҚШ-тағы Mega Millions лотереясының джекпоты 508 миллион долларға дейін көбейді, деп хабарлайды The Associated Press агенттігі.

Төрт айдан бері лотереяның жеңімпазы анықталмай келеді. Осылайша, джекпот қатарынан 34-ші рет көбейіп отыр.
«Бұл осы кездегі біздің ең ұзаққа созылған көбеюіміз», - деді Mega Millions лотереясының директоры Паула Отто.
Американдық Mega Millions лотереясы 43 штатта, Вашингтонда (Колумбия округі) және американдық Виргиния аралдарында жүргізіледі.
Жеңімпаз джекпотты бөліктерге бөліп, 30 жыл бойы ала алады немесе көрсетілген салықты төлеп, бірден алып кете алады.
Американдық лотерея тарихындағы ең үлкен жеңіс 656 миллион доллар болған еді, оны 2012 жылы Mega Millions билетінің иесі алған.