08:03, 19 Ақпан 2016 | GMT +5
АҚШ-тағы Перл-Харбор әскери базасының қасында тікұшақ суға құлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гавай аралдарындағы Перл-Харбор америкалық ӘТК базасының маңында азаматтық тікұшақ апатқа ұшырады, оның жолаушыларының бірі ауыр халде жатыр.

Бортында бес адам болған Bell 206 тікұшағы мұхитқа құлап, суға батқан, деп хабарлайды RT.
Америкалық әскерилердің бірі оқиғаның Оаху аралындағы атақты туристік ескерткіштің қасында орын алғанын хабарлады. Ел билігі апаттың мән-жайын зерттеуге кірісті.