АҚШ-тағы президенттік сайлау: Праймеризде Клинтон мен Трамп көш бастап тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бұрынғы бас хатшысы Хиллари Клинтон сейсенбі күні Аризона штатында демократтар арасында өткен партияішілік сайлауда (праймериз) сенімді түрде жеңіске жетті, деп хабарлады CNN телеарнасы.

АҚШ-тағы президенттік сайлау: Праймеризде Клинтон мен Трамп көш бастап тұр

Телеарнаның мәліметтерінше, Клинтон 61,5 пайыз дауысқа ие болды. Оның сайлауалды бәсекедегі қарсыласы - сенатор Берни Сандерс сайлаушылардың 36,1 пайыз дауысын жинады. Дауыстардың 41 пайызы есептелді.

Миллиардер Дональд Трамп та Аризона штатында Республикалық партияның ішкі сайлауында жеңіске жетті. Телеарнаның мәліметтерінше, Трамп 45,4 пайыз дауысқа ие болды. Оның басты қарсыласы - сенатор Тед Круз 20,2 пайыз дауыс жинады. Огайо штатының губернаторы Джон Кейсикке сайлаушылардың 10,8 пайызы дауыс берген.