АҚШ-тағы сайлау: Джо Байден ресми түрде президенттікке кандидат болды

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Демократиялық партия съезінде Джо Байден ресми түрде АҚШ президенті қызметіне үміткер болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Байденнің кандидатурасын қолдаушылардың арасында АҚШ-тың бұрынғы президенттері Бил Клинтон мен Джимми Картер, сондай-ақ АҚШ-тың вице-мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл болды.

Джо Байден АҚШ президенттігіне кандидатурасын үшінші рет ұсынып отыр, ал оның АҚШ президенттігіне ресми кандидат болып тағайындалуы күтпеген жағдай еді, себебі ақпан айында Байденнің сайлауалды науқанына қауіп төніп тұрған, деп жазады ВВС.

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп Демократиялық партия кандидатурасын қолдап жүрген республикашыларды сынға алып, Байденді «солшыл партия қолындағы қуыршақ» деп атаған.

Қазіргі кезде Трамп сайлауалды науқаны жүргізіліп отырған Аризона штатында жүр. Бұл ретте сауалнамаға сәйкес, Байден Трамптан озып келеді, бірақ Трамп соңғы апта қорытындылары бойынша көшбасшылыққа жақындай түсті.

Демократтар партиясының съезі сәрсенбі және бейсенбі күндері жалғасады, онда АҚШ сенаторы Камала Харрис, Хиллари Клинтон және АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың сөз сөйлеуі жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар