АҚШ-тағы сайлау: Марко Рубио Пуэрто-Рикодағы республикалық праймеризде жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Флорида штатының сенаторы Марко Рубио Пуэрто-Рикода президенттікке үміткерлердің бастапқы сайлауында ең көп дауысқа ие болды, деп хабарлады дүйсенбі күні Associated Press.

АҚШ-тағы сайлау: Марко Рубио Пуэрто-Рикодағы республикалық праймеризде жеңіске жетті

Алдын ала есептеу бойынша, Рубио 2 463 дауысқа ие болды, ал оның бәсекелестері Дональд Трамп пен Тед Круз тиісінше 421 және 276 дауыс алған. Сенбі күні ол үгіт жүргізу үшін аралға келді.

Құрлық штаттарында республикашылдардың дауыстары үшін негізгі күресті Трамп пен Круз жүргізуде.