17:38, 02 Шілде 2010 | GMT +5
АҚШ-тағы тыңшылық әрекетке күдіктінің бірі РФ-ға жұмыс істегенін мойындады
АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат - Тыңшылыққа қатысы бар деген айыппен АҚШ-та тұтқындалған 10 адамның біреуі Ресейдің сыртқы барлау қызметімен жұмыс жасағандығын мойындады, деп хабарлайды Би-Би-Си америкалық прокуратураның мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Тыңшылыққа күдікті - Хуан Ласаро деген есімнің лақап аты екендігін айтқан. Өзінің шын аты-жөнін, қай жақтан екендігін айтудан бас тартып отыр. Тергеу болжамы бойынша, Х.Ласаро Ресей азаматы.
Ресей мүддесіне тыңшылық жасады деген екі күдікті - Дональд Хитфильд пен Трейси Ли Энн Фолидің ісін қарау шілденің 16-сына қалдырылды. Бүгінгі тыңдау бар болғаны 15 минутке созылды.
Тағы да үш күдіктіні тыңдау бірнеше күнге кейінге шегерілді. Александрия қаласының соты (Вирджиния штаты) жауап берушілердің жаңа ақпараттар білеміз деген мәлімдемелерінен кейін осындай шешім қабылдады, ал үшінші күдіктінің адвокаты әзірше жоқ.