АҚШ-тағы ұтыс құны 1,3 млрд долларлық рекордты лотерея канадалықтарды да тыныш жатқызбады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мыңдаған канадалық 1,3 млрд доллар ұтысы бар лотерея билетін сатып алу үшін АҚШ-қа ағылды, деп хабарлады ТАСС.
АҚШ-қа бара алмайтын канадалықтар үшін Канадада «Powerball» билеттеріне тапсырыс беруге болатын арнайы интернет-сайт та іске қосылды.
Тек интернетте оның бағасы қымбат, мәселен, екі, үш доллар тұратын билет онда $23-ке дейін көтерілген.
«Сатып алушы үміттілер лотерея үшін ақшасын аяр емес, кейбірі тіпті 500-1000 долларға да сатып алып жатыр», - дейді канадалық сатушылар.