АҚШ-тан келген конвертте адам өміріне қауіпті ешнәрсе табылған жоқ
АСТАНА. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Астана тұрғыны Дмитрий Храпугинге АҚШ-тан келген конвертте адам өміріне қауіпті ешнәрсе табылған жоқ,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Естеріңізге сала кетейік, «Қазпошта» бөліміне келіп-түскен хат-хабарларды өңдеу кезінде ішіне белгісіз ұнтақ салынған конверт анықталғанын бұдан бұрын хабарлаған едік. АҚШ-тан жөнелтілген хат Dmitry Khrapugin, Microdistrit House 17, Flat ? 47 Astana, C010000 Kazakhstan деген адреске жіберілген. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің қызметкерлері «сәлемхатты» зерттеу үшін өздерімен бірге алып кеткен еді. Жүргізілген сараптама нәтижесінде ұнтақ құрамында ешқандай қауіпті зат табылмаған.