АҚШ-тан қуылған «орыс агенті» Microsoft корпорациясында жұмыс істеген

БАҚ мәліметтері бойынша, 23 жастағы Каретников Вашингтон штатының Сиэтл маңындағы Редмон қалашығындағы Microsoft штаб-пәтері орналасқан ауданда тұрған. Компаниядағылар Каретниковтың бағдарламалық қамтамасыз етудің сынақшысы болып қызмет атқарғанын растады.
Алексей Каретниковтың 2009 жылы Санкт-Петербургтегі мемлекеттік политехникалық университетті тәмамдағаны және сол жылы үйленгені белгілі болған.
Каретниковты Сиэтлде маусымның 28-інде қамауға алған, алайда оның ұсталғандығы туралы тек, шілденің 13-інде ғана белгілі болды. Ол АҚШ-қа 2009 жылдың қазанында келген. Сейсенбі күні Каретников көші-қон тәртібін бұзғандығын мойындады. Хабарлауларға қарағанда, Ресей агентурасының ішінде Каретниковтің атқарған рөлі аса маңызды болмаған. Оның аса маңызды, құпия саналатын құжаттармен жұмыс істегені анықталған жоқ.