Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

АҚШ-тан тағы 18 өзбекстандық депортацияланды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін АҚШ-тан депортацияланған 18 Өзбекстан азаматы Ташкентке оралды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.

и
Фото: Dunyo ақпарат агенттігі

Dunyo ақпарат агенттігінің мәліметінше, өзбекстандықтарды елге қауіпсіз қайтаруға Сыртқы істер министрлігі мен АҚШ-тың құзыретті органдары жәрдемдесті. Екіжақты ынтымақтастық шеңберінде азаматтардың құжаты рәсімделіп, чартерлік рейс ұйымдастырылып, құқықтық көмек көрсетілді.

Қоса кетсек, таяуда АҚШ-тан депортацияланған өзбекстандықтар еліне оралған болатын.

Еске салайық, бұған дейін Швециядан 20 өзбекстандық депортацияланған еді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, былтыр Өзбекстан үкіметі шетелде қиын жағдайда қалған отандастарын елге қайтаруға $1,3 млн жұмсады.