Былтыр Өзбекстан үкіметі шетелде қиын жағдайда қалған отандастарын елге қайтаруға $1,3 млн жұмсады
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – 2025 жылы Өзбекстан 3 709 отандасын елге қайтарды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Көші-қон агенттігінен мәлім еткендей, бұл бағыттағы жұмыстарға 15,9 млд сум (шамамен $1,3 млн) қаражат жұмсалған.
Адам саудасына қарсы күрес үшін 30 шілде мен 30 тамыз аралығында ұйымдастырылған «Ватанга кайтариш» (Отанға қайтару) акциясы аясында 1,3 мың азамат Өзбекстанға оралды. Бағдарлама аясында шет елдердің аумағында қиын жағдайда қалған адамдар елге жеткізілді. Олардың ішінде жазатайым оқиғалардан зардап шеккен, ауыр дертке шалдыққан 66 азамат арнайы бортпен жеткізілді.
Өзбекстандықтардың жол, дәрі-дәрмек және құжат рәсімдеу шығындары Көші-қон агенттігінің есебінен өтелді.
Еске салайық, 21 қаңтарда АҚШ-та заңсыз жүрген бір топ Өзбекстан азаматы еліне қайтарылды.
Былтыр Өзбекстан үкіметі депортацияланған еңбек миграттарының құқығы мен оларға қатысты қолданылатын шаралар туралы қаулы шығарды. Оған сай, депортацияланған өзбекстандық мигранттар елге қайту шығынын өз қалтасынан өтеуге міндеттеледі.