АҚШ тарихта алғаш рет Bitcoin-ға қатысты биржалық қор құруды мақұлдады

Америка Құрама Штаттары тарихта алғаш рет Bitcoin-мен (BTC) байланысы бар ETF биржалық қорын құруға рұқсат берді. Kazinform бұл туралы Bloomberg-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

ETF биткоин
Фото: tyulyagin.ru

SEC сынды АҚШ реттеушілері 10 жыл ішінде алғаш рет Bitcoin-ға инвестиция құятын биржалық қорын құруды мақұлдады. Оған дейін АҚШ нарыққа манипуляция жасалуы мүмкін деп қауіптеніп ETF қорларын мақұлдаудан бас тартқан болатын.

Билік өкілдері елде ETF биржалық қорларын құруға рұқсат беретін ереже өзгерістерін мақұлдады. Бұл инвесторларға криптовалютаға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Енді биткойн бағасы биржада белгіленеді.

Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай биткойнға сұраныстың өсуіне әкеледі. Себебі қор акцияларын сатып алған кезде криптовалюта да сатып алынатындықтан оның бағасына әсер етеді.

Соңғы жаңалықтар