АҚШ Таяу Шығыстағы наразылық білдірушілердің белсенділіктерін қолдауда

АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - АҚШ Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы наразылық білдірушілердің белсенділіктерін қолдайды, алайда осы аймақтағы жағдай бейберекетсіздік пен зорлық-зомбылыққа айналып кетпеуін қалайды.

АҚШ Таяу Шығыстағы наразылық білдірушілердің белсенділіктерін қолдауда

Бұл туралы Ақ үйде өткізілген баспасөз мәслихатында АҚШ Президенті Барак Обама мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Ол Вашингтон Араб елдерінің шығысындағы ереуілшілерге тікелей белгі ретінде американ үкіметі олардың талаптарына қолдау білдіретіндігін атап көрсетті.

"Наразылық білдірушілерге менің белгім болашақта мынаған саяды: біз сіздердің айталықтай мүмкіндіктерге (экономикалық), өз пікірлеріңізді білдіруге, еркін баспасөзге қол жеткізуге ұмтылған талаптарыңызды толық қолдаймыз", - деді Б.Обама.