АҚШ теріс ілінген жалау үшін Филиппиннен кешірім сұрады

АСТАНА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат - Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығына мүше елдер басшыларының Америка Президеті Барак Обамамен болған кездесуі кезіндегі келеңсіз оқиға үшін АҚШ өкіметі Филиппин басшылығынан кешірім сұрады,
None
None

деп хабарлайды «Маяк» радиосы. Ол кездесу өткен жұма күні Нью-Йоркте өткен болатын.

Аталмыш кездесу кезінде Филиппиннің жалауы теріс ілінген болып шықты. АҚШ өкіметі, қателік қасақана жіберілмегенін, онда ешқандай астар болмағанын айтып, мәселенің мән-жайын тексеруге уәде берді.

Айта кету керек, Филиппин - жалауы ресми түрде оң және теріс ілінетін әлемдегі жалғыз мемлекет болып табылады. Филиппин соғыс жағдайында болған кезде немесе елде әскери жағдай енгізілген жағдайда, оның жалауы теріс ілінеді және бұл ресми қабылданған шешім.

Қазіргі таңда мемлекет ешқандай елмен қырғиқабақ емес.

Соңғы жаңалықтар