АҚШ-тың Финикс қаласында құмды дауыл соқты

АСТАНА. KAZINFORM – 25 тамыз кешкісін АҚШ-тың Финикс қаласы маңында құмды дауыл соқты, деп хабарлайды The Arizona Republic.

Песчаная буря накрыла город в США
Видеодан алынған скрин

Дауыл оңтүстік-шығыстан соғып, сағат 17:00 шамасында Сан-Тан-Вэлли арқылы өтіп, бір сағат ішінде Финикс орталығына жеткен. Ол нөсер жауын мен қатты жел алып келген.

Salt River Project компаниясының дерегінше, қалада 41 мыңнан астам абонент электр жарығынсыз қалды.

Сағат 17:30 шамасында АҚШ-тың Федералдық авиация басқармасы Скай-Харбор әуежайынан ұшып шығуды уақытша тоқтатты. Шектеу шамамен жарты сағаттан кейін алынды.

18:55-тегі жағдай бойынша рейстердің орташа кешігуі 15 минутты құрады.

Әуежайдың ресми сайты хабарлағандай, сағат 20:00-ге қарай үш рейс тоқтатылды, 104 рейс кешіктірілді, бір рейс басқа бағытқа жөнелтілді.

Дауыл әуежайдың ішін біршама зақымдады.

Бұған дейін Солтүстік Америкада «Эрин» дауылы соққаны хабарланған еді.