АҚШ-тың Флорида штатында ұшақ көшеге құлап, тоғыз адам қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың Флорида штатындағы Палм-Бич қаласында ұшақ көшеге құлады. Апат салдарынан тоғыз адам қаза тапты, деп хабарлайды New York Post басылымы.
АҚШ Көлік министрлігінің басшысы хабарлағандай, апатқа ұшыраған бизнес-джет бортында тоғыз адам болған. Тірі қалған ешкім жоқ.
BREAKING: Plane dives straight into ground before huge fireball erupts in Palm Beach County, Florida https://t.co/jkS180COZs
— Klaxon Wire (@KlaxonWire) November 1, 2026
Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ құлаған кезде кемінде бір тұрғын үй тіркемесін қиратып, оқиға орнында үлкен өрт пайда болған.
Айта кетейік, қыркүйек айында Амур облысында Ту-95 ұшағы апатқа ұшырап, алты әскери қаза тапқан еді.