АҚШ-тың Миссисипи штатындағы мектепте атыс болып, 3 адам көз жұмды

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың оңтүстігіндегі Миссисипи штаты Холмс округінде сенбі күні болған атыстан үш адам мерт болып, тағы 8 адам жарақат алды, деп хабарлайды Қытайдың Синьхуа агенттігі.

АҚШ-тағы атыс болған мектеп
Фото: АР

Футболшылар округ бойынша өткен жарыста мектептің жеңісін тойлап жатқан. Сол сәтте 200-300 адамнан тұратын топқа екі адам оқ жудырған.

Холмс округінің шерифі Уилли Марчтің айтуынша, атыс бірнеше жастың өзара жанжалының нәтижесінде туындаған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Шериф полицияның күдіктілерді іздестіріп жатқанын айтты. Сондай-ақ тергеу жұмыстары да жүріп жатыр.

Осыған дейін АҚШ-та жасөспірім мектепте оқ атып, 30 адамның жараланғаны туралы жаздық.