АҚШ-тың танымал тұлғалары Лос-Анджелестегі өрт құрбандарына қайырымдылық жасады
АСТАНА. KAZINFORM — Музыканттар, әншілер мен актерлер өрт сөндірушілер мен зардап шеккендерге қолдау көрсететін ұйымдарға көмек көрсету арқылы Лос-Анджелестегі өрт салдарын жоюға үлес қосып отыр, деп хабарлайды People.

The Weeknd тобының танымал музыканты, шын аты Абель Тесфайе орман өртінен зардап шеккендерге көмектесу үшін 1 млн доллар қайырымдылық жасады.
Ол ақшаны үш ұйымға берді: «Лос-Анджелес өрт сөндіру қоры, «GoFundMe орман өртіне қарсы көмек қоры» және «Лос-Анджелес аймақтық азық-түлік банкі».
Әнші Бейонсе өзінің BeyGOOD қоры арқылы 2,5 млн доллар жіберді.
Актер Леонардо Ди Каприо өзінің «Re: wild» ұйымымен бірлесе отырып, 1 млн доллар беретінін жариялады.
Әнші Тейлор Свифт бірнеше ұйымға, соның ішінде «Habitat for Humanity of Greater Los Angeles», «Лос-Анджелес өрт сөндіру қоры» және Лос-Анджелес аймақтық азық-түлік банкіне» қайырымдылық жасағанын хабарлады.
Бұған дейін Калифорниядағы өртке байланысты 200 мыңға жуық адамға қауіп төніп тұрғанын жазған болатынбыз.