АҚШ Toshiba-ға 87 млн. доллар айыппұл салды
АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат - АҚШ-та сот үкімімен жапондық электроника өндіруші Toshiba компаниясына 87 млн. доллар айыппұл салынды.
Компания өзге сұйықкристалды монитор өндірушілермен баға келісіміне қатысқаны үшін айыпты деп танылды, деп хабарлайды KazBIN Reuters-ке сілтеме жасап.
Солтүстік Калифорния соты шығарған үкімге сәйкес, Toshiba монитор сатып алушыларға 70 млн. доллар және Toshiba LCD-дан экрандар сатып алған компанияларға 17 млн. доллар төлейтін болды.
Бірақ Toshiba компаниясы бұл үкіммен келіспей отыр. «Toshiba соттың жіберген уақыты мен күшін бағалайды, десе де, біз соттың шығарған соңғы үкімін қате деп есептейміз», - дейді компаниядағылар.