АҚШ Трамп президенттігі кезінде Айға қонуды жоспарлап отыр
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Дональд Трамптың президенттік мерзімі аяқталғанға дейін, яғни алдағы үш жарым жылда астронавттарды Айға қондырғысы келеді, деп хабарлайды Fox News.
Бұл туралы Шон Даффи хабарлады. Ол NASA-ның уақытша басшысы, сонымен қатар көлік министрі қызметін атқарып жатыр.
— Келесі жылы, жылдың басында біз айға қайта баруды жоспарлап отырмыз, біз Айға қонбаймыз, оны айналып ұшамыз. Ал содан кейін шамамен бір жылдан кейін біз Айға қайта қонамыз. Бұл Дональд Трамп билікте болған кезде болады, — деді ол Fox News телеарнасына берген сұхбатында.
Ол содан кейін олар база құрып, Айда қалуды жоспарлап отырғанын қосып, ал алған білімдері АҚШ-тың Марсқа жетуіне көмектесетінін атап өтті.
Бұған дейін NASA қызметкерлерінің саны 20%-ға қысқаратыны туралы жазған болатынбыз.