АҚШ трансгендер боксшыларға әйелдер турниріне қатысуға рұқсат берді

боксер
Фото: Pixabay

АҚШ бокс федерациясы 2024 жылдан бастап трансгендерлерге әйелдер турнирлеріне қатысуға рұқсат береді, деп хабарлайды Sports.kz

Ол үшін спортшылар белгілі бір шарттарды орындауы керек, атап айтқанда: жынысын ауыстырғаны жайлы мәлімдеме жасайды, операция жасатады, гормоналды тестілеуден өтеді және оның нәтижесін федерацияға хабарлауға міндеттенеді.

Сондай-ақ, 18 жасқа толмаған боксшылар анасынан туған жынысы бойынша жарысқа қатысады. 

«Осылайша қазақстандық боксшы қыздар АҚШ-тағы турнирлерге қатысса (жергілікті федерацияның қолдауымен өтетін жарыстар туралы айтып отырмыз — ред.), олар да қарсылас ретінде еркек болып туған, ал қазіргі жынысы әйел боксшылармен жұдырықтасуы мүмкін» деп атап өтті Sports.kz.  

Соңғы жаңалықтар