АҚШ тұрғыны Париж Олимпиадасына бару үшін соңғы тиынын жұмсады

АСТАНА. KAZINFORM – Лос-Анджелес қаласының 66 жастағы тұрғыны Вивиан Робинсон – Олимпиаданың адал жанкүйері. Ол осы уақытқа дейін 5 Жазғы Олимпиадаға қатысқан. Биылғы Париж Олимпиадасына да жолы түсіп отыр.

АҚШ тұрғыны
Фото: Sebastian Kahnert / dpa / Global Look Press

Associated Press агенттігінің мәліметінше, Вивиан Робинсон Париж Олимпиадасына бару үшін екі жыл тынбай еңбек етіп, несие карталарындағы бар ақшаны жұмсаған. Франция топырағын басу үшін шамамен 10 мың доллар қажет болған. Ол Франция астанасын аралап қана қоймай, 38 жарысқа көрермен ретінде қатысатынын атап өткен жөн.

Сапарға ақша табу үшін Вивиан Робинсон жағажайда күріш зергерлік бұйымдарын сатып, түнде азық-түліктерді топтастыру қызметкері болып еңбек еткен. Ол жолға жұмсалған ақшаны қайтару үшін тағы екі жыл жұмыс істеу керек екенін есептеп отыр. Дегенмен, Париж Олимпиадасына келгеніне еш өкінбейді.

Әйел билет құны 1600 доллар тұратын ашылу салтанаты көңілінен шықпағанын жасырмады. Ол мұндай ақша табу үшін көп уақыт қажет болғанын, бірақ шоу оған қатты әсер етпегенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар