АҚШ тұрғыны екі лотереядан 650 мың доллар ұтып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тағы Калифорния штатында тұратын 19 жастағы Роза Домингес (Rosa Dominguez) бір апта ішінде екі лотореядан джекпот ұтып алды, деп жазады Lenta.ru.
None
None

Алғашында 555 мың доллар ұтқан билетін Роза Сан-Луис-Обиспо маңындағы жанармай  құю бекетінен сатып алған.

Бірнеше күннен соң, америкалық қыз  Монтерей аймағынан жолай тағы бір билет сатып алады. Бұл жолы да билет ұтысқа шығып, Роза 100 мың долларға ие болды.  

Жолы болған Домингес ақшасына жаңа автокөлік сатып алмақшы.

2016 жылдың қараша айында Америка штаты Миннесота тұрғыны дәл осындай лоторея ұтысынан 874 мың долларды қанжылаған. Белгілі болғандай 46 жастағы Энтони Фусароның екі жыл ішіндегі екінші жеңісі екен. 

Соңғы жаңалықтар