АҚШ тұрғыны мектепті 106 жасында тәмамдады
АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Массачусетс штатының тұрғыны мектепті 106 жасында бітірді.
Кезінде ол жалғыз қалған анасына көмектесіп, өзінен кейінгі іні-қарындастарын асырау үшін жұмысқа ерте араласуға мәжбүр болған. Сол себепті 9-сыныпты бітіріп, оқуды ары қарай жалғастырған жоқ. Уақыт өте келе, шаңырақ көтеріп, үйлі-баранды болды. 106 жастағы Батлер мектеп бітірмегеніне өкініп, білімнің мән-маңызын балаларына және немерелеріне үнемі айтып отыратын болған. Жақында қарттың арманы орындалды: арнайы шара барысында қала мэрі оған білім туралы аттестатты салтанатты түрде табыс етті.