АҚШ-тың 10 штатында коронавирустың омикрон штаммы анықталды

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Коронавирустың омикрон штаммын жұқтыру жағдайлары Американың 50 штатының кемінде 10 штатында тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Wall Street Journal газетіне сілтеме жасап.

АҚШ-тың 10 штатында коронавирустың омикрон штаммы анықталды

Басылымның жазуынша, омикрон штаммын жұқтыру жағдайларының көпшілігі Африканың оңтүстігінен келген пациенттерден анықталған. Алайда кемінде екі штаттан - Гавайи мен Миннесотада короавирустың жаңа штаммы АҚШ-тан шықпаған адамдардан табылған.

АҚШ-тың Ауруды бақылау және алдын алу федералды орталықтарының сайтында жарияланған статистикалық көрсеткіштерге сәйкес, елде соңғы бірнеше күнде коронавирус жұқтырушылар саны артқан. Бейсенбі күні АҚШ-та 138,4 мың ауру жұқтырудың жаңа жағдайлары анықталды. Дүйсенбі күні олардың саны 102 мың болған.

АҚШ-та коронавирустың омикрон штаммын жұқтырудың алғшқы жағдайы сәрсенбі күні Калифорния штатында тіркелді. Жаңа штамм анықталған пациент АҚШ-қа 22 қараша күні ОАР-дан келген. Ол толықтай вакциналанған.