АҚШ-тың 2016 жылға арналған бюджеті 4 трлн. доллар болды
АСТАНА. ҚАЗаҚПАРАТ - АҚШ Президенті Барак Обама Конгрестен 2016 жылға арналған федералды бюджет үшін 4 трлн. доллар сұрамақ, деп жазады «Газета.Ru» The New York Times басылымына сілтеме жасай отырып.
Газеттегі мақалаға сүйенсек, бюджет таптшылығы ІЖӨ 2,5 пайызын құрайды, яғни 474 млрд. доллар. Бұған дейін хабарланғандай Ақ үй мен Конгресс 2 ақпан күні ел президенті Барак Обама ұсынатын 2016 жылға арналған бюджет жобасын талқылайды.