АҚШ-тың арнайы қызметі 11 қыркүйек оқиғасының он жылдығына лаңкестік туралы ескертті
АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік министрлігі 2001 жылдың 11 қыркүйегінде жасалған лаңкестіктің он жылдығына тағы да лаңкестік жасалуы мүмкіндігі туралы ақпараттар бар екенін жариялады, деп хабарлайды Лента.ру Agence France-Presse агенттігіне сілтеме жасап.
Ведомстводан хабарлағандай, «ақпаратқа нақты сенуге болады, бірақ толық тексерілген жоқ». Сонымен қатар, билік өкілдері кез келген қауіптің бетін қайтаруға байланысты қажетті іс-шаралар жасалып жатқандығына да толық сендірді.
Арнайы қызметтегі дереккөзінің мәліметі бойынша, лаңкестік туралы ақпарат сәрсенбі күні кешке түскен. Оның нақты болғандығы соншалық, оны назардан тыс тастауға болмайтын болды, деп атап көрсетті ол.