АҚШ-тың арнайы қызметі Бразилия мен Мексика басшыларының телефондарын тыңдап келді

АСТАНА. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бразилияның президенті Дилма Русеф өзінің телефон қоңыраулар мен электронды поштасын бақылап келген АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік агенттігінің қызметіне наразылық білдіріп, ресми түрде кешірім сұрауды талап етті. Ол алдағы қазан айында Америкаға жоспарланған іссапарын да жасамауға мүдделі.

АҚШ-тың арнайы қызметі Бразилия мен Мексика басшыларының телефондарын тыңдап келді
«Меніңше, демократиялық мемлекетті (Бразилия - авт.) бақылау - бұл нағыз құқықбұзушылық. Бұған нақты түсініктеме бере алатын біреу бар ма?! Елдің егемендігіне, жеке өмірге қол сұққанды қалай ақтауға болады?!» - деп мәлімдеді Д.Русеф. АҚШ президенті Б.Обама болса, Бразилияның президенті Дилма Русеф пен Мексика басшысы Энрике Пеньи Ньетоны бақылауға қатысты ақпараттың анық-қанығын біліп алуды көздейді. Бүгінде Мексиканың президенті де ресми түрде кешірім сұрауды талап етіп отыр. Айта кетейік, бұл ақпаратты АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден таратты. Оның барлығын британдық «Гардиан» газеті жариялады.