АҚШ-тың әскери ұшағы Алматы әуежайына апатты жағдайда қонды
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматының халықаралық әуежайына бүгін апатты жағдайда АҚШ әскери ұшағы келіп қонды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
«Геркулес» маркалы ұшақ Бішкекке бет алып бара жатты. Ұшақтың апатты жағдайда қонуына оның үш қозғалтқышының біреуінің істен шығуы себеп болған. Ұшақ бортында АҚШ-тың 300 әскери қызметшісі болды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.