АҚШ-тың Ауғанстандағы кісі шығыны 3 есеге өсіп отыр

КАБУЛ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат – Ауғанстандағы американдық әскерилердің арасында кісі шығыны қаңтар –ақпан айларында 29 адамды құрап отыр.
None
None
Олардың 10-ы - минаға түсіп опат болғандар. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 3 есеге көп. Бұл туралы Ауғанстандағы американдық контингент қолбасшылығының ресми өкілі полковник Грег Джулиан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат РСН агенттігіне сілтеме жасап. Оның пікірінше, кісі шығынының өсуі контингент санының көбеюімен байланысты. Қазір Ауғанстанда 38 мыңдай адам бар, бұл өткен жылдағыдан төрттен бірге артық. Ауғанстанға тағы да қосымша контингент жеткізу жоспарланып отыр.
Соңғы жаңалықтар