АҚШ-тың батысындағы ыстық рекордтық деңгейге жақындады

АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - Америкалық Калифорния штатының Өлім алқабы ауданында ауа температурасы ағымдағы демалыстарда 54 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

АҚШ-тың батысындағы ыстық рекордтық деңгейге жақындады

Осы арқылы температура бағаны тура жүз жыл бұрын орнаған рекордтық деңгейге жетеді деп күтілуде.

ВВС-дің жазуынша, осындай аптап ыстық Аризона және Невада штаттарында да болуы ықтимал екен.

АҚШ-тың ұлттық ауа райы орталығының ескертуіне қарағанда, қалыптан жоғары температура ыстық өту қаупін тудырады. Әсіресе, бұл уақытта үйсіз жүргендерге бұндай қатер төнуі мүмкін.

Осындай ауа райы әуе байланысын шектейтін көрінеді. Себебі, температура 47 градустан асқан кезде әуе кемелерінің ұшуына қолайсыздық туындайды. Жер бетінде температураның рекорды 1913 жылы Өлім алқабында тіркелген еді. Ол кезде оның деңгейі 56,7 градусқа жеткен болатын.