АҚШ-тың байқаушылар миссиясы сайлау үдерісін жақсы ұйымдастырылған әрі ашық деп бағалады

АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - АҚШ-тың байқаушылар миссиясы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы үдерісін жақсы ұйымдастырылған әрі ашық деп бағалады. Бұл пікірді бүгін олар елордада өткен Астана мен Вашингтон арасындағы бейне конференция барысында білдірді.

АҚШ-тың байқаушылар миссиясы сайлау үдерісін жақсы ұйымдастырылған әрі ашық деп бағалады

АҚШ-тың тәуелсіз халықаралық байқаушылар миссиясы өкілдерінің пікірінше, дауыс беру барысында бірқатар ұйымдастырушылық қателіктер кеткен. Дегенмен, толықтай алғанда ол сайлау комиссиясының тиімді жұмысына еш кедергі келтірген жоқ. Олар аралаған барлық сайлау учаскелерінде сайлау комиссиясының мүшелері кезектен тыс президенттік сайлауды сәтті өткізу үшін арнайы тренингтер, семинарлар өткізген.

Миссия мүшелерінің атап өтуінше, елімізде тіркелген барлық саяси партиялар президенттік сайлауға қатыспағанымен, алда болатын парламенттік сайлауға мүдделік танытып отыр.