АҚШ-тың биофарм компаниясы COVID-19-ға қарсы вакцина ойлап тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың биофарм компаниясы бірінші болып коронавирусқа қарсы вакцина шығарамыз деп мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

АҚШ-тың биофарм компаниясы COVID-19-ға қарсы вакцина ойлап тапты

Олардың айтуынша, вакцина адамдардың 90% -ының инфекцияға шалдығуының алдын алады. Ол үшін араға үш апта салып вакцинаның екі дозасын қабылдау керек.

Екпе алты елде 43 500 адамға егіліп, сынақтап өтті. Ешбірінде қауіпсіздікке қатысты мәселе туындаған жоқ.

Компаниялар вакцинаны айдың соңына дейін қолданысқа енгізуге жедел рұқсат алу үшін өтініш беруді жоспарлап отыр.

Компаниядағылар жыл соңына дейін 50 млн, ал 2021 жылдың соңына дейін 1,3 млрд екпе сала аламыз деп жоспарлап отыр.

Ұлыбритания 30 млн дозаға тапсырыс беріп қойған екен.

Осындай жаңалықтан кейін компания акциялары 14%-ға, ал Brent маркалы мұнай бағасы 8%-ға өсіп, $42,5-дан асты.