АҚШ-тың бірнеше қаласында Трамптың көші-қон саясатына қарсы акция өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні американдық бірнеше қалада АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамптың көші-қон саясатына қарсы бірнеше мыңдаған адам қатысқан акция өтті, деп жазды The Wall Street Journal.
Шеру Лос-Анджелес және Сан-Хоседе (Калифорния штаты), Чикагода (Иллинойс штаты), Вашингтонда, сондай-ақ өзге де бірнеше қалаларда ұйымдастырылды. Басылымның деректері бойынша, акцияның негізгі қатысушылары - Мексикадан шыққандар, аймақтық діни және құқық қорғау бағытындағы ұйымдардың өкілдері.
Трамп АҚШ-та заңнан тыс тіршілік кешіп жүрген 11 миллион адамды елден шығарып жіберуді жоспарлап отырғанын бірнеше рет айтқан еді. Сондай-ақ, ол Мексикамен арадағы шекараға қабырға тұрғызуға да уәде беріп отыр.