АҚШ-тың бомбалаушы ұшағы апатқа ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың В-52Н стратегиялық бомбалаушы ұшағы Гуам аралында апатқа ұшырады, бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.
Оқиға туралы нақты мәлемет ұсынған «Pacific Daily News» басылымының жазуынша, апат 19 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша таңертең болған. Ұшақ Андерсон әскери-әуе күштері базасының ұшып-қону алаңында құлаған. 7 экипаж мүшесінің барлығы бірдей аман, олардың жараланғандығы туралы ақпарат жоқ.
Ұшақ Солтүстік Дакота штатынан Гуамға барған. Экипаж жаттығу үшін жіберілген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.