АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Буш ауруханаға түсіп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Буш Хьюстондағы ауруханалардың біріне түсіп қалды. Оның тыныс алуында қиындықтар болған, деп мәлім етті оның өкілдері. Бұл туралы Би-би-си хабарлады.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Буш ауруханаға түсіп қалды

Ол ауруханаға аурудың алдын алу мақсатында жатқызылды. 90 жастағы Буш ауруханада тексеруден өтеді. Бұған байланысты басқа мәліметтер әзірге келтірілмей отыр.

Джордж Буш 1989-1993 жылдар аралығында АҚШ-тың 41-ші президенті болды. Бұған дейін ол Рональд Рейганның тұсында вице-президент (1981-1989) және Орталық барлау қызметінің директоры (1976-1977) лауазымдарын атқарды.