АҚШ-тың бұрынғы президенті үлкен Джордж Буш жансақтау бөлімінен шығарылды

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Техас штатының Хьюстон қаласында ауруханада жатқан АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Герберт Буштің жағдайы жақсарып, ол жансақтау бөлімінен шығарылды, деп хабарлайды Reuters.

АҚШ-тың бұрынғы президенті үлкен Джордж Буш жансақтау бөлімінен шығарылды

Қатты жөтелден арыла алмаған АҚШ-тың бұрынғы президенті Хьюстон ауруханасына 2012 жылдың 30 қарашасында жеткізілген болатын. Дж.Буш есін жинады, оның қасында жұбайы Барбара Буш, оның ұлы, АҚШ-тың тағы бір бұрынғы президенті кіші Джордж Буш және басқа туған-туыстары бар.

Джордж Бушқа қойылған диагноз - бронхит.