08:28, 27 Қаңтар 2009 | GMT +5
АҚШ-тың БҰҰ-дағы Елшісі: Б.Обаманың әкімшілігі Иранмен тікелей диалог жүргізеді
НЬЮ-ЙОРК. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Барак Обаманың әкімшілігі Иранмен тікелей диалог жүргізетін болады,

бірақ ол үшін Иран өз зертханаларындағы байытылған уран өндірісін тоқтату туралы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің талаптарын орындауы керек. Бұл талапты орындаудан бас тарту Иран өкіметіне деген халықаралық қысымды тек күшейте түседі, делінген АҚШ-тың БҰҰ жанындағы жақында тағайындалған елшісі Сьюзан Райстың мәлімдемесінде. ҚазАқпарат бұл туралы «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. АҚШ Иран үкіметімен 1979 жылдан бері Иранда төңкеріс болып, соның барысында американ елшілігі тұтқынға алынған және ұзақ уақыт бойы 52 американдық түрмеде ұсталған жылдан бері тікелей келіссөз жүргізілмеген. Барак Обама өзінің сайлауалды науқанында Тегранмен диалог орнатуға уәде берген болатын. Иран өкіметі де АҚШ-қа қатысты ұстанымын қайта қарап шығуға дайын екенін мәлімдеп, тіпті Тегранда АҚШ-тың дипломатиялық өкілдігінің ашылу мүмкіндігін де жоққа шығармаған еді.