АҚШ-тың екі АЭС-ында апат орын алды
АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Америкадағы екі бірдей АЭС жұмысы тоқтатылды. Оған, қарашаның 7-сіндегі ауытқушылықтар себеп болған еді,
деп хабарлайды Associated Press агенттігі.
Алдымен Вермонт штатындағы Vermont Yankeе АЭС-те радиоактивті судың ағуына байланысты кешен жұмысы тоқтатылды. Содан кейін бірер сағат өткенде Нью-Йорктің Вермот қаласында орналасқан Indian Point атом стансысы аумағында жарылыс болып, соның салдарынан жарық беру қызметі тоқтатылды.
Entergy Corp өкілдерінің айтуынша, Вермонт пен Нью-Йорк жарылысынан ешкім зардап шекпеген, ал радиоактивтік заттың таралуы адамдарға зиян келтіріп отырған жоқ.